Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жүк көлігі мен жолаушылар мінген троллейбус соқтығысып қалды (фото)

Опубликовано:

Алматының орталығында жүк көлігі мен ішінде жолаушылары бар троллейбус соқтығысып қалды. Куәгерлер жол апатының Гоголь мен Байтұрсынов көшесіне жақын маңда болғанын айтты деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Троллейбус жолаушысы Сәкеннің айтуынша, жүк көлігі Гоголь көшесімен қиылысатын шағын даңғылдан шығып, №1-ші қоғамдық көлікпен соқтығысқан.

"Троллейбус аялдамаға тоқтап, өз бағытымен жүріп бара жатты. Мен терезе маңында отырдым. Терезеден жүк көлігінің бізге қарай қатты келе жатқанын көрдім. Оның жүргізушісі жолға қарап отырған жоқ.
Троллейбус жүргізушісі соққыдан сақтанбақ болды. Жүк көлігі екі қыз отырған терезеден келіп соқты. Олар есікке дейін ұшып кетті. Мен оларға көмектеспек болғанда, бәрінің дұрыс екенін айтты", - дейді куәгер.

Сондай-ақ, жас жігіт қоғамдық көлікте 15 адамның болғанын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1777128-almatyda-zk-kligi-men-zolausylar-mingen-trollejbus-soktygysyp-kaldy-foto/

pixel