RU

Белгілі журналист 12 рет түсік тастап, 14 рет ЭКО жасатқанын жайып салды

Танымал ресейлік журналист Алена Долецкая өзінің 12 рет түсік тастап, 14 рет ЭКО жасатқанын жұрттың алдында ашып айтты. Балалы бола алмаған әнші өзінің жан сырымен Татьяна Лазареваның Youtube бағдарламасында бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Долецкая Алёна. Фото: Youtube
Долецкая Алёна. Фото: Youtube: Instagram

Журналист әйел балалы болуға бірнеше рет әрекет жасағанын жасырмады.

"Мен 18 жасымда тұрмысқа шықтым. Сосын жақындарыма "Мен бес баланың анасы атанамын. Дайыңдалыңдар", - деп айттым.

Анам "Жарайды. Алдымен біреуін өмірге алып кел", - деді. Осыдан кейін мен 12 рет түсік тастадым. 14 ЭКО жасаттым.

Сол уақытта тозақта жүргендей болдым. Үнемі бала жайлы сұрақтардан қашатынмын", - деп ағынан жарылды Алена Долецкая.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1777144-belgili-zurnalist-12-ret-tsik-tastap-14-ret-eko-zasatkanyn-zajyp-saldy.html