RU
Өскеменде полиция көлігі қағып кеткен әйел қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Өскеменде полиция көлігі қағып кеткен әйел қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Өскеменде 5 ақпан күні Стаханов көшесі мен Тәуелсіздік даңғылы қиылысында полиция көлігі қағып кеткен қала тұрғыны ауруханада көз жұмды деп хабарлайды Устинка Live-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Еске сала кетсек, Өскеменде полиция көлігі жаяу жүргіншілер жолында өтіп бара жатқан келіншекті қағып кеткен болатын. Жол апаты Глубоковский ауданы полиция бөлімшесіне тиесілі қызметтік көліктің қатысуымен болған.

Жәбірленуші түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген еді. Бірақ бүгін таңертең ол ауыр жарақаттан қайтыс болды.

"Полиция көлігінің қатысуымен болған жол апатына байланысты қылмыстық істі Қылмыстық кодекстің 345 бабы, 3 тармағы бойынша жүргізуде, – деп мәлімдеді полиция депртаменті.

Полицияның хабарлауынша, іс бойынша барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшылары тергеу барысында жол апатының барлық мән-жайы анықталып, жиналған материалдар негізінде заңды процессуалдық шешім қабылданатынын айтты.

Құзырлы орган күдікті 5 жыл мен 10 жыл аралығында бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel