RU

Димаш Құдайберген ғажайып өнерімен Американы бағындырды (видео)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің The World's Best америкалық шоуында өнер көрсеткен сәтінің үзіндісі YouTube желісіндегі "Dimash MV" арнасында жарияланды. Отандық әнші әділ қазылар мен шетелдік тыңдармандарды аузына қаратқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр, коллаж: NUR.KZ
Фото: видеодан кадр, коллаж: NUR.KZ: Facebook

Димаш Құдайберген Қытайдағы "I'm A Singer" шоуында атын шығарған "S.O.S d'un terrien en détresse" композициясын орындапты.

Бұл жолы әділ қазылар мен сарапшылар орындарын тік тұрып ән тыңдап, қазақ әншісі өнер көрсетіп болған соң, ұзақ уақыт қошемет білдірген.

"Сен The World's Best шоуының құрылуына себепшісің", - деді әділ қазы алқаларының бірі актер және тележүргізуші Ру Пол Андре Чарльз.

Тыңдармандар Димаштың ерекше дауысы мен талантына қатты таңғалған. Видеодан олардың жүздерінен осыны аңғаруға болады.

Әділ қазылардың бірі актриса Дрю Бэрриморда де таңданысын жасыра алмаған.

Айта кетсек, аталған шоуға Димаштан бөлек отандық дарынды әнші Данэлия Тулешова да қатысуда.

Қазақстандық әншілер өнер көрсеткен түсірілім 7 ақпан күні эфирге шығады. 

.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1777159-dimas-kdajbergen-gazajyp-nerimen-amerikany-bagyndyrdy-video.html