Выйти
RU

Путин аутизм ауруына шалдыққан қыздың арманын орындады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей президенті Владимир Пути Приморьелік кішкене бүлдіршінге алтын түсті ретривер сыйлап, арманын орындады. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Путин аутизм ауруына шалдыққан қыздың арманын орындады

Коллаж:Видеодан скриншот

Ақпарат аймақ әкімшілігінің әлеуметтік парақшасында жарияланған.

"Бүгін Славянка елді мекенінің кішкене тұрғынының арманы орындалды. Вероникаға ретривер күшігі сыйланды. Ол анасымен бірге Жаңа жылда Владимир Путинге хат жазып, күшік сыйлауын сұраған", - деп жазыпты Приморье әкімшілігі.

Әкімшілік өкілдері балақайдың даму ерекшелігін ескерсек, жануар оған нағыз дос бола алатынын баса айтып өткен.

"Алтын түстес ретривер - дамуында ауытқушылық бар балаларға лайық ит тұқымы. Оның мінезі жұмсақ, мейірімді", - делінген жазбада.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Путин аутизм ауруына шалдыққан қыздың арманын орындады