RU
Аязды Астана: Тұрғындар шарықтап кеткен такси бағасына шағымданды
Жаңалықтар Қоғам

Аязды Астана: Тұрғындар шарықтап кеткен такси бағасына шағымданды

Рассказать Вконтакте

Астанада бүгін ауа температурасы "-34 градус сезіледі" деп көрсетіп тұр. Тұрғындар көшеде жаяу жүру қиын екенін айтты. Ал кейбір көліктердің май-суы қатып, оталмай қалған. Қазіргі уақытта елордада қоғамдық көлік пен таксиге сұраныс артып тұр деп хабарлайды NUR.KZ.

Астанадағы аяз. Коллаж NUR.KZ (фото: NUR.KZ, Instagram/eto_astana_detka

Астанадағы аяз. Коллаж NUR.KZ (фото: NUR.KZ, Instagram/eto_astana_detka

Бүгін елордада кептеліс кезінде такси бағасы қалыпты бағадан 2-3 есе қымбаттаған.

Мысалы, такси 5 ақпан күні кешке 8 шақырымға 2060 теңге сұраса, басқа күндері мұндай қашықтық 790 теңгеге бағаланған.

6 ақпан күні таңертең кептеліс кезінде 500 теңгеге жетуге болатын 2,5 шақырым 1300 теңгеге өсіп кетіпті.

Автокөлікті "оталдыру" үшін арнайы мамандар да көп ақша сұраған.

"Жеңіл көлік үшін 8-10-15 мың теңге сұрайды! Мұндай бағаны төлегенше, автобуста жүргенім артық", "Мен "кішкене жұмыс" үшін 10 мың теңге бердім, Бұл өте қымбат", - деді астаналықтар әлеуметтік желіде.

Еске сала кетсек, Астанада бүгін түнде -37 -39 градус болады деп күтілуде.

7 ақпан күні ауа температурасы -25 -27, түнде -37 -39 градус болады.

Сіздің реакцияңыз
4
1
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel