Выйти
RU

Шымкент басшылығы Астанада қара жамылған жанұяға көмек қолын созбақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкент әкімдігінің басқарушы құрамы өртке оранған үйде бес бірдей қызы көз жұмған астаналық жанұяға бір күндік жалақыларын аудармақшы деп хабарлайды мемлекеттік ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкент басшылығы Астанада қара жамылған жанұяға көмек қолын созбақ

Астанада 5 қыз қаза тапқан үйдің қалдығы. Фото: Nur.kz

Күллі елдің қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиғаға қатысты отырыс өткізген қызметкерлер осындай шешімге келіпті.

Олар орны толмас ауыр қаза ешкімді бейжай қалдырмағанын алға тартты.

Сонымен бірге, басшылық қаладағы жеке үйлердің барлығын тексеріп шығу туралы бұйрық берген. Бұл арнайы тапсырма көпбалалы отбасылға тікелей қатысты.

Мемлекеттік қызметкерлер олардың қандай жағдайда өмір сүріп жатқанын және қанша отбасыға төтенше көмек қажет екенін анықтауы керек.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкент басшылығы Астанада қара жамылған жанұяға көмек қолын созбақ