Выйти
RU

Жағдайы төмен отбасыға пәтер алып беремін деген жас кәсіпкер елді тәнті етті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жандар Садықов есімді азамат тұрмыстық жағдайы төмен отбасыға бір бөлмелі пәтер алып бергісі келетінін мәлімдеді. Астаналық кәсіпкер 5 бүлдіршін қаза тапқан жантүршігерлік оқиғаға мемлекетті кінәлаудың кеш екенін айтып, өзге де қалталы жандарды көмек қолын созуға шақырды деп хабарлайды NUR.KZ.

кәсіпкер

Коллаж: nur.kz (Фото: Instagram, domarostov.ru)

Бұл туралы кәсіпкер азамат өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

"Астанадағы Ситер отбасына қайғыра көңіл айтамын. Сұмдық оқиғаны естіген барша жұрт есеңгіреп қалды.

Көпшілік бұған кінәлілерді іздеп, мемлекетті айыптап жатыр. Не үшін? Енді бәрі кеш емес пе?

Қазақстанда басында баспанасы жоқ, жағдайы төмен көпбалалы отбасылар аз емес. Осы орайда, мұсылман және елінің патриоты ретінде, жеке өз атымнан кәсібімнен түсетін табыстан көмекке мұқтаж жанұяға бір бөлмелі пәтер алып бергім келеді", - деген Жандар Садықов көпбалалы отбасыларға өтінішті қайда қалдыру керек екенін айтқан.

Сондай-ақ, ол өзге де қазақстандық кәсіпкерлерді бұл жағдайға бейжай қарамай, мүмкіндігінше көмек көрсетуге шақырды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жағдайы төмен отбасыға пәтер алып беремін деген жас кәсіпкер елді тәнті етті