RU
Ақсу тұрғыны өзін төсекке сүйреген азаматтық некедегі жарын өлтіріп алды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақсу тұрғыны өзін төсекке сүйреген азаматтық некедегі жарын өлтіріп алды

Рассказать Вконтакте

Ақсу қаласының 38 жастағы тұрғыны азаматтың өліміне себепкер болды. Әйел өзімен жыныстық қатынасқа түскісі келген ер адамды итеріп жіберіпті. Нәтижесінде ол басынан соққы алып, көз жұмған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Марийская правда - Марий Эл

Көрнекі фото: Марийская правда - Марий Эл

Іс материалдарына сәйкес, айыпталушы әйел өзімен бірге тұратын адам және оның екі досымен үйінде арақ ішкен. Бір сағаттан соң ол жігіттердің ортасынан кетуді ұйғарыпты.

Ер азаматтардың бірі өазаматтық некедегі әйелін жібергісі келмей, жыныстық қатынасқа тартқан.

Ал келіншек болса бірден бас тартып, қарсылық көрсетіпті.

Бірақ ішіп алған жігіт дегенінен қайтпай қойған. Нәтижесінде әйел өз "көңілдесін" итеріп жіберіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған.

"Ол желкесімен ағаш шкафтың бұрышына соғылған. Содан жабық бас жарақатын алыпты. Шырышты сүйектің сынуымен миға қан кетіп 2018 жылы 28 қарашада қайтыс болды", - деп мәлімдеді Ақсу қаласынының соты.

Дәрігерлер күдіктінің өмірі үшін бір айдан астам уақыт күрескен, бірақ оны құтқара алмапты.

Нәтижесінде, әйелдің әрекетіне қатысты қылмыстық іс ашылған. Ол өзінің кінәсін жоққа шығармапты.

Соттың үкімі бойынша, Ақсу қаласының тұрғыны 38 жастағы әйел бір жарым жылға бас бостандығынан айрылды.

Сондай-ақ, осы уақыт ішінде ол 150 сағат мәжбүрлі түрде жұмыс істеуі қажет.

Сіздің реакцияңыз
2
2
0
5
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel