Выйти
RU

Түркістан облысында ұрлыққа түсіп, шекара асқан күдікті Ресейден ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында үш адамнан құралған қылмыстық топ бөтен біреудің үйіне түсіп, жәбірленушіден бағалы зергерлік бұйымдар мен төрт миллион теңгесін қолды еткен деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

2016 жылдың жазында болған бұл жайт бойынша екі күдікті ұсталып, Қылмыстық кодекстің 191 бабы ("тонаушылық") бойынша бірі алты жылға, екіншісі бес жылға шартты түрде сотталған.

Алайда үшінші қылмыскер шекара асып кетіп, қашып үлгеріпті.

Қазығұрт аудандық полиция басқармасы қызметкерлері Ресей Федерациясындағы әріптестерімен жүргізген іздестіру нәтижесінде күдіктіні Ресейдің Қорған облысы аумағында құрықтаған.

Екі жыл бойы ізін жасырған айыпталушы сот үкімімен төрт жылға шартты түрде жазаға кесілді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында ұрлыққа түсіп, шекара асқан күдікті Ресейден ұсталды