RU
Қарақшылар шабуылдаған аудан әкімінің орынбасары президентке хат жазды
Жаңалықтар Қоғам

Қарақшылар шабуылдаған аудан әкімінің орынбасары президентке хат жазды

Рассказать Вконтакте

Тапа тал түсте өз үйінің алдында шабуыл жасалған Түркістан облысы, Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Мемлекет басшысынан араша сұрап отыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

ввввв

Рабиға Бейсебаева. Фото: Әкімдіктің Facebook парақшасынан

Естеріңізге сала кетсек, 2018 жылдың күзінде үйіне түстенуге келген шенеунікке әлдекімдер шабуыл жасап, тапаншадан үш рет оқ атқан болатын.

Оқтың біреуі басына тиген аудан әкімінің орынбасары Рабиға Бейсебаева ауруханаға жатып, бірнеше ай ем қабылдады.

Бұл оқиға бойынша полицейлер қылмыстық іс қозғап, көп ұзамай күдіктілерді ұстады.

Сот отырысы кезінде жергілікті тұрғын оқ атқандарды 1 миллион теңгеге тапсырыспен жалдағаны белгілі болды.

Алайда жәбірленуші қозғалған істің бабымен келіспейді. Себебі алғашында «Қасақана адам өлтіруге оқталу» бабымен қозғалған іс кейін «Бұзақылық» және «Қару-жарақты заңсыз тасымалдау, тасу, сақтау» баптарымен қаралып жатыр.

Осыған орай жәбірленуші мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, араша сұрап отыр.

"...Нақты айғақтар бола тұра, бүгінгі таңда, Түркістан облысы Полиция департаменті тарапынан «Адам өлтіруге оқталу» бабы бойынша айыпты алып тастап, «Бұзақылық», «Қару-жарақты заңсыз тасымалдау, тасу, сақтау» баптарымен қылмыс жасаған кінәлілердің іс-әрекеттерін адам өлтіруге оқталмаған, адам тобы болып, бұзақылық жасаған заңсыз қару сақтаған деп заңсыз ешбір негізсіз дәрежелеп отыр. 
Сондай-ақ, сот медициналық сараптамасы қорытындысына күмән тууына байланысты Астана қаласында қайта қарауға берген өтінішімді қабылдағанымен, тағайындамай отыр", - делінген хатта.

Тапсырыс берушінің бұл әрекетіне жәбірленушінің қомақты қаржы қарыз екені себеп болған деген мәліметпен де Рабиға Бейсебаева келіспейді.

Сонымен қатар, жәбірленуші тергеу аяқталғаннан кейін тергеу іс-қағаздарымен таныспай істің сотқа өтіп кеткенін де атап өткен.

"Мұндай жағдайларға тосқауыл қоймаса, келесі жолы кез-келген адам тал түсте, айдың күннің аманында негізсіз басқа бір жанның ажалына себеп болмауына кім кепіл береді.

Егер, мемлекет сенім білдірген мемлекеттік қызметшіге осындай қастандық жасалып жатса, басқа қарапайым халықтың жағдайы қалай болар.

Маған емес, қара шаңырағымдағы бала-шағама қастандық жасалғанда не болар деген үрей ой күндіз-түні мазалайды.

Аса мәртебелі Елбасы, еліміздің бірлігі мен Конституциямыздың кепілі ретінде өзіңізге хат жазуыма осы мәселе себеп болды. Заңсыз жүріп жатқан істі ретке келтіріп, әділ сот төрелігін жүргізуге ықпал жасайды деп сенім білдіремін.
Сіздің саулығыңызды тілеймін, Өзіңізден ғана үміт күтемін", - деп жазылған Елбасыға жолданған хатта.
Түркістан облысында қарақшылар шабуылдаған шенеунік президентке хат жазды

Рабиға Бейсебаеваның елбасыға жазған хаты. Фото: nur.kz

Сіздің реакцияңыз
7
1
13
2
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel