RU
Назарбаев көпбалалы отбасыларды қолдайтын жұмыс тобын құруды тапсырды
Жаңалықтар Қоғам

Назарбаев көпбалалы отбасыларды қолдайтын жұмыс тобын құруды тапсырды

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысының тапсырмасымен Қазақстан Үкіметі жанынан еліміздің азаматтарының табысын арттыру және тұрмыс сапасын жақсарту, сондай-ақ көпбалалы отбасыларға қолдау шараларын күшейту жөніндегі жұмыс тобы құрылды деп хабарлайды Рrimeminister.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Назарбаев көпбалалы отбасыларды қолдайтын жұмыс тобын құруды тапсырды

Фото: primeminister.kz

Жұмыс тобына премьер-министрдің орынбасары Ерболат Досаев басшылық етеді.

Оның құрамы «Нұр Отан» партиясының, әлеуметтік-экономикалық блок, инфрақұрылымдық даму, ішкі істер министрліктерінің және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерінен тұрады.

Жұмыс тобы екі ай ішінде мемлекет басшысы тапсырмаларын орындау бойынша кешенді шаралар қабылдауы қажет.

Комиссия жұмысына бейінді ҮЕҰ, сарапшылар мен жұртшылық өкілдері тартылады.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel