RU
Алматыда бір жыл бұрын із-түзсіз кеткен 40 жастағы азаматтан әлі хабар жоқ (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда бір жыл бұрын із-түзсіз кеткен 40 жастағы азаматтан әлі хабар жоқ (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда бір жыл бұрын жоғалып кеткен 40 жастағы азаматты туыстары таппай жатыр. Үйінен шығып, қайта оралмаған Қанатбек Шарғыновтан әлі күнге дейін хабар жоқ деп хабарлайды Алматы арнасы.

Фото: Алматы арнасы

Фото: Алматы арнасы

Жақындары ақыл-есі дұрыс атпалдай азаматтың өз еркімен кетіп қалуы мүмкін емес дейді.

Жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің туыстары енді көптен көмек сұрап отыр.

Қанатбектің қарындас-әпкелері күзде, қыста су өтпеу үшін киетін күртешесін, тіпті, төсегіне дейін келіп қалар деген үмітпен сақтап қойған.

Туыстарының айтуынша, ер адам өте тұйық болғанмен, дөрекілігі жоқ, көмекке даяр тұратын азамат екен.

"Бірінші мен үйде отырдым Қанат ағамды бір орыс ағай шақырды. Кейін ағам жаздық "сланцымен" бір қабат киді де далаға шықты. Қайтадан кірді де, кроссовкиі мен курткасын киіп кетіп қалды", - дейді жоғалған жігіттің қарындасы Арай Шарғынова.

Көріпкелдердің болжамынша, ер адам тірі, тек қашып кете алмайды. Біреулер күштеп, құлдықта ұстап отырған көрінеді.

Қанатбектің әпкесі Эльмира Жаңғазиева осымен үшінші құмалақшы, көріпкелдің жорамалы алғашқы болжаушылармен бірдей шыққанын айтады.

Ит үрген сайын терезеге үңілумен уақыт өткізіп жатқан туыстары полициядан да қайыр болмаған соң экстрасенстердің көмегіне жүгінуді жөн көріп отыр.

Тоғжан Жалғасбекқызы, Мұрат Тайжан, "Алматы" телеарнасы

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
6
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel