RU
Стамбулда алты қабатты үй опырылған (фото, видео)
Жаңалықтар Әлемде

Стамбулда алты қабатты үй опырылған (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Стамбулдың Малтепе ауданында ішінде адамдары бар алты қабатты тұрғын үй опырылған. Алдын-ала ақпарат бойынша оқиғадан бір адам қаза тауып, тағы төртеуі зардап шеккен деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр: twitter.com/HaticeDenizAVCI

Кадр: twitter.com/HaticeDenizAVCI

Жергіліктің биліктің сөзінше, үйінді астында ондаған адам қалуы мүмкін. Болжам бойынша, үйде 12 отбасы тұрған.

Қазіргі таңда оқиға орнында тиісті қызметтің мамандары жұмыс істеп жатыр.

Оқиға орнына жедел жәрдем, полиция, құтқарушылар және өрт сөндірушілер келіп жеткен.

Джевизли ауданының басшысы Картал Мемиш Диликлиташтің мәлімдеуінше, үйдің төменгі қабатында 25 адам қызмет еткен шеберхана болған.

Ол сондай-ақ, үйде 24 пәтер болғанын, ал опырылмастан бұрын жарылыс болмағанын да атап өтті.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel