RU
СҚО-да ер адам 13 жастағы қызын өрттен құтқарып, өзі ажал құшқан
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

СҚО-да ер адам 13 жастағы қызын өрттен құтқарып, өзі ажал құшқан

Рассказать Вконтакте

Петропавлдан 40 шақырым қашықтықтағы Архангелка ауылында қайғылы жағдай орын алды. Ер адам қызын өрттен құтқарып, өзі қаза болған деп хабарлайды КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Телеарнаның мәліметінше, анасы жұмыстан қайтып үлгермеген 13 жастағы қыз кешкілік үйде жалғыз қалған екен. Әкесі сол кезде есік алдында жүріпті.

Тілсіз жау тұтанғанда жеткіншек терезені сындырып, өз бетінше әрекет етіпті. Ал лезде жеткен әкесі баласын құтқарып қалған.

Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Алайда, болжам бойынша құжаттар мен ақша есіне түскен марқұм үйге қайтып оралыпты. Сол сәтте газ баллон жарылып, баспананың күлі көкке ұшқан.

Оқиғаға қатысты пікір білдірген төтеншеліктер бір адамның өмірін жалмаған өрт техникалық қауіпсіздік сақталмағаннан болғанын айтады.

"Газ баллоны орнатылар алдында далада болған. Даладан кіргізген кезде баллон қатып тұрған. Содан кейін ери бастаған кезде газдан өрт шығып, жарылған", - дейді СҚО ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Атығаев.
Кадр КТК арнасы

Кадр КТК арнасы

Дереккөз КТК арнасы

Еске сала кетсек, 4 ақпан күні түнде Астананың Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесінде бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиға орын алды.

Жекеменшік үйден өрт шығып, салдарынан 2006, 2008, 2014, 2016, 2018 жылы дүниеге келген бес бала көз жұмған еді. Олардың ең кішісі әлі бір жасқа да толмаған сәби болған.

5-ші қаңтарда марқұм қыз балаларды қалың ел ақтық сапарға шығарып салды.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel