Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда -45 градус аяз осыдан 7 жыл бұрын тіркелген

Опубликовано:

Еліміздің бірнеше облысында ауа температурасы күрт төмендеп, тұрғындарды әбігерге салуда. Ал синоптиктар Қазақстанда -45 градус аяз осыдан 7 жыл бұрын тіркелгенін айтады деп хабарлайды Хабар 24.

Көрнекі фото желіден алынды
Көрнекі фото желіден алынды: UGC

Қыстың қытымыр мінезін, әсіресе, шығыс қазақстандықтар қатты сезінген. Мәселен 2011 жылы да ел шығысында ауа температурасы 40 градусқа төмендеген кездер болыпты.

Бұл қыстың суық лебі оңтүстікке де әсерін тигізген.

Одан кейін 2016 жылы Орталық және Шығыс Қазақстанда сынап бағанасы -40 градусты көрсеткен.

Өткен жылы антициклон әсерінен ең суық ауа температусы -39-40 градус шамасында тіркелген.

Айта кетейік ел ордасы Астана әлемдегі ең суық елордалар үштігіне кіреді. Сәйкесінше, қатты жел мен бұрқасындар мұндағы аязды үдете түседі екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777227-kazakstanda-45-gradus-aaz-osydan-7-zyl-bryn-tirkelgen/

pixel