RU
Павлодар облысында ауыл әкімі тас жолда қалған жолаушыларды құтқарды
Жаңалықтар Қоғам

Павлодар облысында ауыл әкімі тас жолда қалған жолаушыларды құтқарды

Рассказать Вконтакте

Қоянды ауылдық округінің әкімі Абай Хакимов Павлодар облысының тас жолында қалған жолаушылар мен КамАЗ жүргізушісіне қол ұшын созған. Осы орайда, көлік жүргізушісінің жұбайы Абай Серікұлына әлеуметтік желіде алғысын айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Liter.kz

Көрнекі фото: Liter.kz

Бұл туралы Instagram желісіндегі "Экибастуз Live" парақшасында жарияланды.

Әйелдің айтуынша, оның жолдасы 4-інен 5-іне қараған түні жүк көлігімен тас жолда тұрып қалыпты.

"Сәлеметсіз бе. Мен Қоянды мен Бесқауғаның әкімі Абай Серікұлына алғысымды айтқым келеді. Ол кісі менің жолдасымды құтқарып қалды. Түнде күйеуім көлігімен тас жолда қалған еді. Абай Серікұлы батып қалған транспортты шығару үшін қолынан келгеннің бәрін жасаған. Тіпті жолдасымды үйге дейін шығарып салған", - деген ол өз жазбасында.

Тengrinews.kz хабарлауынша, Абай Хакимов бірнеше көмекшілерімен тас жолда қалған жолаушыларға көмектесуге аттанған.

Әкім төтенше жағдайлар департаментіне хабарлама түскен соң көмектесуге аттанғанын айтты. Сондай-ақ, көлік жүргізушісін тапқан уақытта, КамАЗдың соляркасы 15 минутқа жететін ғана қалған екен.

"Егер біз жолдан кешігіп барғанда, адамдар үсіп қалатын еді", - деді әкім.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel