Выйти
RU

"Қайда барғанын өздері білмейді": Атыраулық 25 студент күмәнді діни оқуға кеткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жиырмадан астам атыраулық студент шетелде күмәнді діни жоғарғы оқу орындарында білім алып жатыр деп хабарлайды Астана телеарнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Азаттық радиосы

Көрнекі фото: Азаттық радиосы

Бұл туралы ақпарат облыстық дін істері басқармасында айтылған.

Сарапшылар "студенттер дәстүрлі емес діни ағымдардың құрбаны болуы мүмкін" деп санайды.

Басқарманың ақпаратына сәйкес, 15 адам Мысыр елінде, 9 студент - Сауд Арабияда және 1 тәлімгер Йеменде білім алып жүр екен.

Дін істері басқармасы студенттер оқып жатқан білім ордалары ешбір жерде ресми тіркелмегенін де айтып өтті.

Бұдан бөлек, оқуды аяқтаған соң ешбір диплом мен сертификат та берілмейді екен.

Бейіндік басқару бөлімінің меңгерушісі Қахарман Мұсаевтың айтуынша, студенттер өздерінің ата-аналарына ашып ештеңе айтпаған. Олар тек исламдық білім алу мақсатымен кеткендерін жеткізіпті.

"Кейбіреулері бұл оқу орындарының ешбір жерде тіркелмегенін, тіпті қайда барғандарын да білмейді", - деді Мұсаев.

Ол шекара асып кеткен студенттерді ата-аналарының көмегімен елге қайтаруға тырысу керектігін айтты.

Статистикаға сәйкес, Атырау облысында жобамен 3 мың адам дәстүрлі емес діни ағымдарға өтіп кеткен.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қайда барғанын өздері білмейді": Атыраулық 25 студент күмәнді діни оқуға кеткен