RU

Қазақстандық кемелер Босфор бұғазының кіреберісінде тұрып қалды

Қазақстандық және ресейлік мұнай танкерлері Түркия су артерияларының жаңартылған ережелеріне байланысты Босфор мен Дарданелес бұғазына кіреберісте тұрып қалды деп хабарлайды Regnum-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay
Көрнекі фото: pixabay: Depositphotos

Қазір бұғаздың алдында 51 танкер жиналған. Қазақстан мен Ресейден келгендер өзінің кезегін сол жерде күтуде. Кемелер апарған мұнайдың көлемі 41 миллион баррелге тең.

2019 жылдың басындағы Түркия билігінің жаңа ережесіне сәйкес, Босфорға кіруге байланысты мәселелер туындаған. Бұл үлкен кезектің тізілуіне себепші болды.

Бұған дейін 51 танкер кіреберісте кезек күтіп тұрмаған.

Қара теңізден Эгей теңізіне бару уақыты 5-6 күннен 16 күнге дейін артса, қайтар жол 6 күннен 14 тәулікке ұлғайыпты.

Жаңа ережеге сәйкес, көптеген кемелерді енді буксир алып жүруі тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1777261-kazakstandyk-kemeler-bosfor-bgazyny-kireberisinde-tryp-kaldy.html