RU
Алматыда ағашқа соғып, жаяу жүргіншіні қаққан көлік өртеніп кетті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда ағашқа соғып, жаяу жүргіншіні қаққан көлік өртеніп кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда кроссовер мен жеңіл көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sputniknews.kz

Фото: sputniknews.kz

Жол-көлік оқиғасы Төле би көшесінде орын алған.

Куәгерлердің айтуынша, "Honda" иесі көше қиылысында артқа қарай айналуға талпынған. Сол уақытта жолдың қарсы бағытында келе жатқан "Kia" көлігі оған соқтығысыпты.

Соққы салдарынан кроссоверді бірнеше метрге лақтырып жіберген көрінеді.

Фото: sputniknews.kz

Фото: sputniknews.kz

"Киа" көлігі соқтығысудан оңға қарай бағыт алып, жолдың шетіндегі жаяу жүргінші мен ағашты соққан.

Кейінірек жеңіл көлік өртене бастапты. Куәгерлер қызыл жалынды жабылып жүріп ауыздықтаған.
Фото: sputniknews.kz

Фото: sputniknews.kz

Апат салдарынан 2 адам: жаяу жүргінші мен "Honda" жүргізушісі зардап шегіпті. Олар ауруханаға жеткізілген.

Полиция қызметкерлері мен криминалистер оқиға орнын тексеруде.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel