Выйти
RU

Сауль Альварес чемпиондық белбеуінен бас тартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мексикалық боксшы Сауль Альварес (51-1-2, 34 КО) орта салмақтағы WBA тұжырымы бойынша "тұрақты" әлем чемпионы белбеуінен бас тартты деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: sports.kz

фото: sports.kz

Басылымның хабарлауынша, WBA тұжырымы бойынша бұрынғы "тұрақты" чемпион Рокки Филдингті (27-2, 15 КО) жеңу "Канелоға" үш салмақ санатында әлем чемпионы атанған мексикалықтар қатарына қосылу үшін керек болған.

Танымал былғары қолғап шебері мақсатына жеткен соң белбеуден бас тартты.

Айта кетсек, "Канело" 2016 жылы орта салмақтағы WBC белбеуін Геннадий Головкинге (38-1-1, 34 КО) беруге мәжбүр болған еді. Бірақ, былтыр күздегі жеңістен соң оны өзіне қайтарды.

Еске сала кетсек, отандық боксшы Генадий Головкин өткен жылы қыркүйекте мексикалық қарсыласы Сауль Альварестен төрешілердің шешімі бойынша жеңілген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Сауль Альварес чемпиондық белбеуінен бас тартты