RU
Павлодар облысында иіс газынан бір жанұяның төрт адамы ажал құшты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодар облысында иіс газынан бір жанұяның төрт адамы ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысының Ұзынбұлақ ауылында қайғылы жағдай орын алды. Төрт адамнан тұратын отбасы иіс газына уланып қайтыс болды деп жазады pavlodarnews.kz.сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Павлодар облысында иіс газынан бір отбасынан төрт адам ажал құшты

Көрнекі фото:Aif.md

Бекбатыровтар әулетінде жантүршіктірер жағдай орын алды.

Әйелі мен күйеуі, сондай-ақ төртінші және жетінші сыныпта оқитын екі баласы пештің дұрыс жанбауына байланысты газға уланып қайтыс болды.

Отбасы бір күн бойы байланысқа шықпаған соң, кешкі 21:00 туыстарының бірі Бекбатыровтар отбасын көріп қайтуға барады. Есіктің ар жағынан жабық екенін көрген ол үйге есікті сындырып кірген.

Өкінішке орай, үй иелері өлі күйінде табылыпты.

Павлодар облысының әкімі марқұмдардың артында қалған екі қызына және барлық туыстарына көңіл айтты.

Аудан әкіміне отбасының жақындарына қажетті көмек көрсету тапсырылды.

Сіздің реакцияңыз
0
3
2
16
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel