RU
The World's Best шоуында өнер көрсеткен Димаштың видеосы жарияланды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

The World's Best шоуында өнер көрсеткен Димаштың видеосы жарияланды

Рассказать Вконтакте

Ерекше дауысымен күллі әлемге танылған қазақтың жас әншісі Димаш Құдайбергеннің АҚШ-та өтіп жатқан "The World's Best" шоуында өнер көрсеткен сәтінің видеосы желіде пайда болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Димаш Құдайберген Қытайдағы "I'm A Singer" шоуында атын шығарған "S.O.S d'un terrien en détresse" композициясын орындаған.

Бұл жолы әділ қазылар мен сарапшылар орындарын тік тұрып ән тыңдап, қазақ әншісі өнер көрсетіп болған соң, ұзақ уақыт қошемет білдірді.

"Көзімді жұмып тұрғанда, онда 8-10 адам ән айтып жатыр деп ойлар едім. Бір адамның өзі мұны қалай орындап шықты", - деді таңдасын жасыра алмады актриса Дрю Бэрримор.

"Бұл кәсібилік пен дарындылықтың ұштасуы. Сен The World's Best шоуының құрылуына себепшісің", - деді әділ қазы алқаларының бірі актер және тележүргізуші Ру Пол Андре Чарльз.

Қазақстандық әнші өнер көрсеткеннен кейін америкалық шоудың Twitter желісіндегі ресми парақшасында қызықты сәт түсірілген үзінді жарық көрді.

Айта кетейік, жанкүйерлер өзінің сүйікті қатысушысына Twitter желісі арқылы дауыс бере алады

"Twitter желісіне кіріп, өзіңізге ұнаған қатысушыға дауыс беріңіз! Достар, @theworldsbestcbs парақшасына іздеңіз", - деп түсіндірді тележобаның сарапшысы Гаухар Нұртас.

Аталмыш америкалық шоуға Димаш Құдайбергеннен бөлек, отандық әнші Данеля Тулешова да қатысты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
19
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel