Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жас қызға үйленген Абай Бегей ұлын перзентханадан шығарып алды (фото)

Опубликовано:

2018 жылы өзінен 16 жас кіші қызға үйленіп,екінші рет шаңырақ көтерген Абай Бегей ұлды болды. Ал бүгін әнші Мүсілім есімді ұлы мен келіншегін перзентханадан шығарып алды деп жазады NUR.KZ.

Бұл жайында әншінің әріптесі Асхат Тарғын Instagram парақшасында жазды.

"Мүслімнің бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын! Өмір-жасы ұзақ болсын", - деп жазды Асхат Тарғын.

Алайда Абай Бегейдің өзі бұл жайында ешкімге хабарламаған. Тіпті желідегі парақшасына да жазба жарияламапты.

Ал желі қолданушылары әншіге жарыса құтты болсын айтуда.

"Сәбидің бауы берік болсын", "Құтты болсын", "Сәбидің ғұмыры ұзақ болсын", "Бірінші әйеліңнен туғандар шетте қалып кетпесін", "Енді балаларды бөліп-жарма".
"Құтты болсын", "Осындай ұл бізге де жұғысты болсын", - деп тілектерін жаудырды желідегілер.

Айта кетейік, Абай Бегей 3 ақпан күні бесінші рет әке атанған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Абай Бегейдің әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1777301-zas-kyzga-jlengen-abaj-begej-lyn-perzenthanadan-sygaryp-aldy-foto/

pixel