RU
Түркістандық полицейлер массаж жасайтын қымбат кресло сатып алмақшы болған
Жаңалықтар Қоғам

Түркістандық полицейлер массаж жасайтын қымбат кресло сатып алмақшы болған

Рассказать Вконтакте

Түркістанның ішкі істер басқармасы мемлекеттік сатып алу бойынша полиция қызметкерлеріне 422 мың теңге тұратын таңдаулы массаж жасайтын кресло сатып алмақшы болған. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Alibaba.com, ДП Шымкента

Көрнекі фото: Alibaba.com, ДП Шымкента

"Талап" қолданбалы зерттеу орталығының директоры Рахым Ошақбаев мемлекеттік қызметшілерге тауарлар сатып алудың осындай үлгісін көрсеткен.

"Қазіргі уақытта Түркістанның ішкі істер басқармасы 422 мың теңгеге массаж жасайтын кресло сатып алғысы келеді.

Бұл кресло неге осынша қымбат тұрады? Біз ештеңе түсінбедік.

Мұндай мониторинг жүйесі орындаушыларға бастапқы кезеңде сатып алуларының дұрыс емес екенін анықтап немесе әдемі көрінбейтінін хабарлауға мүмкіндік береді", - деді Ошақбаев.

Түркістанның ішкі істер басқармасы "Rongtai" фирмасының таңдаулы креслосын сатып алғысы келгені туралы өндірушінің сайтында хабарланған.

Бұл креслода массаждың бірнеше түрі қарастырылыпты.

"Таңдаулы кресло күйзелісті басуға, адамды сергітуге көмектеседі", - деді өндіруші компания.
Сіздің реакцияңыз
10
0
2
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel