Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейде бірінші сынып оқушыларына құрты бар вафли жегізген

Опубликовано:

Ресей аймақтарында мектептегі балалардың тамақтануына қатысты жанжал күшейіп жатыр. Ульяновск қаласының асханаларында құрты бар вафли таратылған, ал бірінші сынып оқушылары жеп қойған деп жазады life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

Әлеуметтік желіде құрты бар вафлидің суреті тарап кеткен.

Оқиға №33 мектеп гимназиясында болған. Тамақтану кезінде оқушыларға вафли таратылған.

Ата-аналар қауымдастығы суреттерді көрсетіп, қаһарын жасырмаған.

"Ертең мектеп директорына барып, ұжым болып арыз жазамыз. Ата-аналар, бізге қосылыңыздар, мұндай әрекет жазаланбай қалмасын. Әлі өз-өзіме келе алар емеспін! Бірінші сынып оқушыларының бәрі вафлилерін жеп алған", — деп шырылдады аналардың бірі.

Суреттердің шынайы екені тексеріс барысында анықталды. Ульяновск облысының білім және ғылым басқармасы №33 гимназияның тағамхана меңгерушісі жұмыстан шығарылғанын мәлімдеді.

Тағамхананың барлық жауапты тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды, ал тапсырысты орындаушының үстінен шағым түсіріледі.

Губернатор жағдайды бақылауына алған, ал Ульяновск әкімшілігі прокуратора мен Роспотребнадзорға үндеу әзірлеп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1777317-resejde-birinsi-synyp-okusylaryna-krty-bar-vafli-zegizgen/

pixel