RU

"Балалар қуансын": Астаналық жұбайлар үйлену тойын интернатта атап өтті (фото)

Астаналық жас жұбайлар тойларын мейрамханада емес, балалар интернатында өткізген. Еріктілер құрамында жүріп танысқан Дидар Сәтбаев пен Лаура Жүнісбекованың ісіне жұрт риза болды деп хабарлайды "Евразия" бірінші арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Евразия бірінші арнасынан кадр
Фото: Евразия бірінші арнасынан кадр: Instagram

Олар интернат тәрбиеленушілеріне "сурет салу" және "жауынгерлік әдістерді меңгеруден" тегін сабақ береді.

"Қомақты қаржы жұмсап, үлкен той жасағанша, мектеп- интернаттың балаларына сыйлық жасағымыз келді. Бұл ортақ шешіміміз. Балаларға қуаныш сыйлағымыз келгендіктен тойдан бас тарттық", - дейді шаңырақ көтерген Дидар Сәтбаев.

Сондай-ақ, жас жігіт туыстарының да бұл шешімді қуана қабылдап, өздеріне түсініктік танытқанын жасырмады.

"Біз тек балаларды қуантқымыз келді. Жастарды да осыған шақырамын. Миллиондаған ақшаны желге шашқанша, балаларға қуаныш сыйлаңыз", - деді Лаура.

Айта кететіні, жас жұбайлар мектеп интернаттың балаларына бокс грушасын сыйға тартқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1777322-balalar-kuansyn-astanalyk-zbajlar-jlenu-tojyn-internatta-atap-tti-foto.html