RU
Өскеменде бір топ азамат көпбалалы аналарға қап-қап азық апарып берді (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде бір топ азамат көпбалалы аналарға қап-қап азық апарып берді (видео)

Рассказать Вконтакте

Өскеменде қолы ашық, жомарт жігіттер бір көлікті толтыра азық-түлік алып, қаладағы көпбалалы аналарға таратқан. Көмекке мұқтаж жандардың бірі - еш жерде жұмыс істемейтін әйел азаматтарға рахмет айтып, көзіне жас алды. Игі істің видеосын Тоғас Байжігіт Facebook парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Жақсылық жасау туралы ой Whatsapp желісіндегі топта "Бір кеш пе, бір игі іс пе?" хабарламасынан бастау алған.

Осылайша, азаматтар бір күндік көңіл-көтеруден бас тартып, көпбалалы жанұяларға көмектесуді жөн көріпті.

Ал бұл игі іске алғысын білдірген аналардың бірі бала үшін 66 мың теңге алатынын, оның 40 мың теңгесі пәтер мен жарық төлеуге кететінін айтты.

Көпшілік бұл жомарт азаматтардың бұл әрекетіне қатты қуанып, осы идеяны қолдайтындарын да жеткізген.

Ал азық-түлік тасып жүрген жігіт видеода "Жақсылық жасаңыздар, адамдар. Оның міндетті түрде қайтымы болады" ,- деп айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
14
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel