Выйти
RU

"Аяла" қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов дүниеден озды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Аяла" қайырымдылық қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов қайтыс болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Жангелді Сәрсенов. Фото: facebook.com/fondayal

Жангелді Сәрсенов

Жангелді Сәрсенов алтыншы ақпан күні өмірден озған. Бұл қаралы хабарды оның әріптестері қордың Facebook -тегі ресми парақшасында жариялаған.

"Жангелді Маққамбайұлын оны танығандардың барлығы құрметтеп, бағалайтын. Көмек сұрап келгендердің барлығына қол ұшын созып, қамқорлық танытатыны мінезінің ерекшелігі еді. Ол мықты, қайсар, жауапкершілікті және сезімтал адам болатын", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Жангелді Сәрсенов еліміздегі танымал PR-маманы, психиатр дәрігер, қайырымдылық қорының вице-президенті болған.

Әзірге Сәрсеновтің неден қайтыс болғаны белгісіз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Аяла" қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов дүниеден озды