RU
Министр Сүлейменов 10 жыл бойы қалай ипотека төлегенін айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Министр Сүлейменов 10 жыл бойы қалай ипотека төлегенін айтты

Рассказать Вконтакте

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов өзінің 10 жыл бұрын банктен алған ипотекасын өткен жылы ғана төлеп біткенін айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Тимур Сүлейменов. Фото: NUR.KZ

Тимур Сүлейменов. Фото: NUR.KZ

Сүлейменов 2008 жылы ипотекаға баспана алған. Ол үздіксіз төлеудің қиын екенін де жеткізді.

Министр жастарға тұрғын үй кредитін алмастан бұрын, "әркім шамасын тексеріп алуы керек" деген ақылын айтты.

"Әрбір адам тұрғын үй алуға талпынғаны жөн, алайда, біріншіден сен бәрін байланыстыра алуың қажет. Соңында немесе ортасында белгілі бір психологиялық шаршау пайда болуы ықтимал. Себебі сен табысыңның көп бөлігін ипотекаға беріп отырасың", - дейді Тимур Сүлейменов.

Ол жалдамалы пәтерге басқаша көзқараспен қарауды ұсынды. Мәселен "Бүгін Атыраудасың, ертең Павлодарда, ал одан соң Алматыда".

"Бір қалада екі-үш жыл ғана тұрып, басқа қалаға көшер болсаң, ол қалада үйдің не қажеттілігі бар. (…) Тек қана ипотекаға қарап қалуға болмайды. Біз, өзіміз, ақша алған адамдар мүмкіндігімізді дұрыс білмегендіктен қиын жағдайға түсіп қалуымыз мүмкін", - деді Сүлейменов.

Сіздің реакцияңыз
9
1
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel