RU
Баянауылда отбасымен бірге уланып қалған келіншек бесінші сәбиіне жүкті болған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Баянауылда отбасымен бірге уланып қалған келіншек бесінші сәбиіне жүкті болған

Рассказать Вконтакте

6 ақпанда Павлодар облысы Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында қайғылы жағдай орын алды. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері газдан уланған төрт адамның өлімін тіркеген деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: franyk.com

Көрнекі фото: franyk.com

Баянауыл ауданы әкімінің айтуынша, марқұм келіншектің төрт баласы бар. Олардың екеуі қайғылы оқиға орын алған күні аудан орталығында болған. Ал көпбалалы анамен бірге оның кішкентай 2004 және 2007 жылы туған балалары көз жұмған. Одан бөлек, үйде 39 жастағы келіншекпен бірге тұратын азамат та болған.

Аудан басшысының сөзінше, марқұмның артында қалған 17 және 19 жастағы екі қызға көмек көрсетіледі. Қазіргі уақытта оларға бір бөлмелі пәтер беру туралы шешім қабылданған. Оған қоса, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға да көмек берілуде.

"Жерлеу рәсімін өткізу ұйымдастырылып жатыр және жастар орталығы екі қызға көмек көрсету бойынша науқандар жасап жатыр. Біз оларға Баянауылдан бір бөлмелі пәтер бөлеміз.
Қазір оқиға орнында ауыл әкімі жұмыс істеуде. Қыздар аудандық аграрлық колледжде оқиды. Олардың әкесі 2014 жылы қайтыс болған, ал көз жұмған азамат аналарымен бірге тұрған", - деді Баянауыл әкімі Оразгелді Қайыргелдинов.

Павлодар облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне қоңырау 6 ақпан күні түнде түскен. Анықталғандай, марқұмдар газға уланып қалған. Ал жалпы үйді шарпыған өрт болмағандықтан, ол әлі сол қалпында.

"Баянауыл аудандық полиция бөлімшесіне Ұзынбұлақ ауданында жанұяның газдан уланып қалғаны туралы хабар келіп түскен. Қазір аталған фактіге байланысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды", - деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Денсаулық сақтау басқармасы көпбалалы келіншектің бесінші перзентіне аяғы ауыр болғанын растады. Ол ауруханаға 2019 жылдың басында тіркелген.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel