RU
Видеосы екі күнде 2 млн қаралым жинаған тракторшы жұлдыз болды (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Видеосы екі күнде 2 млн қаралым жинаған тракторшы жұлдыз болды (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Асылжан Омаров есімді тракторшы жігіт гитараның арқасында тойға шығып, отбасын асырап жүр. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны әлеуметтік желі арқылы танымал болған деп хабарлайды "КТК" арнасының "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: "Астарлы ақиқат" бағдарламасынан кадр

Фото: "Астарлы ақиқат" бағдарламасынан кадр

Видеосы екі күнде 2 млн қаралым жинаған 37 жастағы ер адам бүгінде тракторын сатып, тойда ән айтуға көшкен.

"Танымалдылық өмірімді өзгертті. Бұрын трактор айдап жүретін едім, қазір костюм-шалбармен жүрмін. Тракторды сатып жібердім. Қазір гитара асырап жатыр.
Жаңақорғанға танымал айтыскер келіп, дауысым жақсы болғасын маған "күтіп ал" деп айтты. 2015 жыл болатын. Сол жігіт менен видеоға түсіріп алуға рұқсат сұрады", - дейді желіге таралып кеткен видеосының тарихын айтқан Асылжан Омаров.

Сонымен қатар ер адам тойлардан қанша ақша табатынын да жасырмады.

"Шиелідегі бір кісі "күніңді көр" деп гитара алып берді. Біреулер "баламның тойына керексің" деп айтса, барып әнімді айтамын. Бірақ өзімнің бағамды айта алмайды екенмін. Ағалар "бағаңды айтып үйрен" деп айтады. Алайда мен берсе аламын, бермесе кете беремін", - дейді Асылжан Омаров.

Ал бағдарламаға келген сарапшылар жаңақорғандық азаматтың өнерінің жарты сағатын 100 мың теңгеге бағалады.

"Той керемет өтіп жатқандықтан, оның иесі де ұялатын шығар. Мен тойдан ешқашан 100 мың теңге алған емеспін. 30-40 мың теңге аламын", - деп ағынан жарылды жаңақорғандық гитарашы.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
1
6
171
7
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel