Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаевтың тапсырмасымен Қазақстанда балалар құқығын қорғау кеңесі құрылды

Опубликовано:

Қазақстанда Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен "Нұр Отан" паритиясы жанынан балалар құқығын қорғау кеңесі құрылды деп жазады NUR.KZ.

Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстанда балалар құқығын қорғау кеңесі құрылды
Көрнекі фото: detstvo.info: Instagram

Партия төрағасының орынбасары Мәулен Әшімбаев мәлімдегендей, Астанада бес бүлдіршіннің өлімі қоғамда өзекті әлеуметтік мәселелердің бар екенін көрсетті.

Кеңес құру идеясы бұрыннан ойда болған, бірақ қайғылы оқиға оны құруды тездеткен.

"Расымен, бес бірдей бүлдіршіннің қапыда қаза болуы тұтас халықтың қабырғасын қайыстырып жіберді. Өкініштен өзегіміз өртенеді. Енді осындай қасіреттің қайталанбауы үшін әрекет етуіміз керек.
Осыған орай Елбасы тапсырмасы бойынша "Нұр Отан" партиясы жанынан "Балалар құқығын қорғау жөніндегі кеңес" құрылды. Балалар құқығын қорғау саласында бірқатар тәсілдемені түбегейлі өзгертпекпіз. Сондай-ақ көпбалалы аналарға көбірек көмек көрсетіледі", - деп айтқан еді Әшімбаев.

Кеңес Қазақстанның барлық аймақтарында әрекет етеді. Кеңес мүшелері қазақстандық отбасыларға өздері баратын болады.

Оның міндеттерінің бірі - кішкентай баласы бар ата-аналардың жұмыс істеуіне жағдай жасау, көпбалалы отбасыларды демеу, балаларды қорғау жөніндегі заңды талдау және балалар құқығы бұзылуы фактілерін қарау.

Кеңеске мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдар қызметкерлері, сарапшылар және қоғам белсенділері кірді. Кеңес төрағасы болып Мәулен Әшімбаев тағайындалды.

Кеңестің өзінің жеке сайты болады. Онда қазақстандықтар өз талаптары мен өтініштерін қалдыра алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777381-nazarbaevty-tapsyrmasymen-kazakstanda-balalar-kkygyn-korgau-keesi-kryldy/

pixel