RU
Болат Бақауов Баянауылда қаза болған отбасыға қатысты үндеу жариялады
Жаңалықтар Саясат және экономика

Болат Бақауов Баянауылда қаза болған отбасыға қатысты үндеу жариялады

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов газдан уланып көз жұмған бір отбасының төрт мүшесіне қатысты мәлімдеме жасады. Аймақ басшысының сөзі облыстық әкімдіктің сайтында жарияланды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: pavlodar.gov.kz

Фото: pavlodar.gov.kz

"Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!
Бүгін бәріміз үшін қаралы күн! Баянауыл ауданы Ұзынбұлақ ауылында бүтіндей бір отбасы қазаға ұшырады. Бір әулеттен төрт бірдей адам мен құрсақтағы сәбидің ажал құшуы – орны толмас қайғы.
Бекбатыровтар жанұясының жақындары мен туған-туыстарына қазаның жеңілдігін берсін! Марқұмдардың артында қалған қыздарына көмек көрсету туралы аудан әкіміне тапсырма берілді. 
Алдағы уақытта мұндай оқиғалар орын алмауы үшін тиісті мемлекетік органдар мен қауіпсіздік қызметтері сақтықты күшейтіп, тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң орындауы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсін.
Жергілікті депутаттар, әлеуметтік қорғау қызметтерінің өкілдері облыстың әр өңіріндегі көп балалы, нашар қамтылған отбасылардың тізімін жасап, мемлекет тарапынан көмек көрсету бойынша тиісті шаралар қабылдауды талап етемін!", - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Павлодар облысында газдан уланып бір жанұяның төрт адамы ажал құшқан болатын.

Кейінірек, облыстық денсаулық сақтау басқармасы көпбалалы келіншектің бесінші перзентке аяғы ауыр болғанын растаған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel