RU
Үш ай құлдықта болдым деген қызылордалық азамат жанайқайын айтты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Үш ай құлдықта болдым деген қызылордалық азамат жанайқайын айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

"Өз ойым" бағдарламасына келіп, "құлдықтың құрбаны" болғанын айтқан Жамбыл есімді азаматтың оқиғасы көпшіліктің талқысына түсті деп хабарлайды 7арна-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Ер адамның сөзінше, өзі Қызылорда облысының тумасы екен. Айтуынша, Астанаға өткен жылдың тамыз айында жұмыс іздеп келіпті.

Ол лайықты жұмыс таба алмағаннан соң, "Артем" атты базардың жанын жағалағанын айтады.

Сауда орнының маңында жалданып күнделікті нәпақасын тауып жүрген.

"Күніне 6-8 мың теңге тауып жүрдім. 10 мың тапқан кездерім де болды", - дейді Жамбыл.

Оның айтуынша, бір күні жасы үлкен кісі келіп, айлыққа жұмыс ұсынған.

Жамбыл "бастапқыда 50 мың төлеймін, жататын орның мен жейтін тамағың тегін болады" деген соң келіскенін жасырмады.

Жамбыл Астананың шетінде 2-3 ай жұмыс істегенін, бірақ ауылдың атауы қандай екенін есіне түсіре алмады.

Оның айтуынша, қожалық басшысы барған күні құжаты мен ұялы телефонын алып қойған.

Жамбыл бірнеше рет қашуға ұмтылғанын, бірақ көп ұзамай ұсталып қалғанын айтты.

Қожайын басшысынан, оның баласының "спортшы" достарынан бірнеше мәрте таяқ жегенін де жеткізді.

Ол "құл болған" үш айда 15 келі салмақ тастағанын да тілге тиек етті.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
15
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel