RU

Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті

Ақордада мемлекет басшысының төрағалығымен Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтті.

Фото akorda.kz
Фото akorda.kz: UGC

Жиында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының іске асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған міндеттер, сондай-ақ Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері қаралды.

Басқосуда Ұлттық қауіпсіздік стратегиясына қатысты іс-шараларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдардың үйлесімді іс-қимылын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтіліп, осы сала бойынша алдын алу шараларын уақтылы әзірлеу қажеттігі айтылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Қазақстан президенті бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1777408-nazarbaevty-tragalygymen-kauipsizdik-keesini-otyrysy-tti.html