RU
40 градусқа дейін аяз: Төрт облыс пен Астанада дауылдық ескерту жарияланды
Жаңалықтар Қоғам

40 градусқа дейін аяз: Төрт облыс пен Астанада дауылдық ескерту жарияланды

Рассказать Вконтакте

Синоптиктер қатты аяз бен желге байланысты Астана мен еліміздің төрт облысында дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Иллюстрациялық фото: Sputnik

Иллюстрациялық фото: Sputnik

Мамандардың болжамынша, 8 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 40 градусқа дейін қатты аяз сақталады. Күндіз кей жерлерде бұрқасын болып, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с дейін жетуі ықтимал.

Петропавлда жұма күні бұрқасын мен екпіні 15-20 м/с жел тұруы мүмкін.

Ал Қызылорда облысында үш күн бойы яғни 8-10 ақпан аралығында кей жерлерде тұман, сенбі-жексенбі күндері көктайғақ, күші 15-20 м/с дейін жететін жел тұруы ықтимал.

8 ақпанда түнде Ақмола облысында 35-40 градус қатты аяз сақталады. Күндіз кей жерлерде жаяу бұрқасын, желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Астана қаласында да 8 ақпанда түнде 35-37 градус қатты аяз сақталады.

Жұма күні сондай-ақ, Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі.

Таңертен және күндіз күші 15-20 м/с болатын жел күтіледі.

8 ақпанда Қостанай қаласында күндіз жаяу бұрқасын, екіпні 15-20 м/с дейін жел күтіледі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel