RU
Қарағандыда бес жасар қызды зорламақ болған 9-сынып оқушысы сотталмақ
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда бес жасар қызды зорламақ болған 9-сынып оқушысы сотталмақ

Рассказать Вконтакте

Қарағандыда тоғызыншы сынып оқушысы бес жасар туысын зорламақ болған деп айыпталып жатыр. Қарағанды облысының ювеналды соты тоғызыншы сынып оқушысына қатысты істі қарауға алды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: detpsycholog.ru

Көрнекі фото: detpsycholog.ru

"Қазір тергеу жұмыстары аяқталды, мектеп оқушысын соттап жатыр",- деді жәбірленушінің анасы NUR.KZ сайтының тілшісіне.

Анықталғандай, күдіктінің ата-анасы жәбірленуші баланың әке-шешесіне 20 мың теңге өтемақы ұсынған. Осылайша, олар келіншекке арызын алуды өтінген екен. Алайда, әйел бейбіт келісімге келмейтінін айтыпты.

Әйелдің сөзінше, қазір балақайдың жағдайы жақсы. Ол ойнап, мультсериал көріп жүр.

Айта кетейік, осыған дейін қарағандылық келіншек тоғызыншы сынып оқушысы бес жасар қызын зорламақ болғанын айтқан.

Сіздің реакцияңыз
1
5
1
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel