RU
Ерлан Нұрғалиевтің өлімінен соң браконьерлерге жаза күшейтілетін болды
Жаңалықтар Қоғам

Ерлан Нұрғалиевтің өлімінен соң браконьерлерге жаза күшейтілетін болды

Рассказать Вконтакте

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда браконьерлерге жаза күшейтілетінін айтты деп хабарлайды BNews.kz сайтынa сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: BBC.com

Фото: BBC.com

Ерлан Нысанбаевтың сөзінше, "Охотзоопром ӨБ" РМҚК инспекторының өлімінен соң браконьерлерге тағайындалатын қылмыстық жауапкершілікті күшейту туралы шешім қабылданған.

Атап айтқанда, браконьерлер үшін шартты түрде бас бостандығынан айыруды алып тастау және айыппұлдарды ұлғайту ұсынылды.

Сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінде инспекторлардың жалақысын арттыруды жоспарда бар екені айтылды. Бүгінде бұл көрсеткіш 80-90 мың теңгені құрап отыр екен.

Нысанбаевтың айтуынша, бұл ұсыныстарды басқа ведомстволардағы әріптестері қолдаған. Жақын арада бұл мәселелерді Парламентте қарастыру қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Нұрғалиев браконьерлер шабуылынан кейін ауруханада көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel