Выйти
RU

Әйтімова: Құрылыс компаниялары өздері салып жатқан үйден көпбалалы аналарға пәтер берсін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сенат депутаты Бірғаным Әйтімова кәсіпкерлерді үйсіз-күйсіз жүрген жанұяларға көмектесуге шақырды. Тіпті, сенатор қалтасы қалың азаматтар батыр аналарға баспана алып берсін деп ұсыныс жасаған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Бірғаным Әйтімова кәсіпкерлерді көпбалалы отбасыларға пәтер алып беруге шақырды

Фото:azh.kz

"Әсіресе, мол пайда тауып отырған құрылыс компаниялары қол ұшын созуы тиіс. Яғни, олар өздері салып жатқан тұрғын үйден көпбалалы аналарға пәтер берсін. Еліміздің әр аймағында осы шаруаны қолға алуымыз керек", - дейді Бірғаным Әйтімова.

Дегенмен кәсіпкерлер депутаттардың ұсынысын қолдауы екіталай сияқты. Себебі қазір үкіметтің өзі көпбалалы отбасыларға үй салып беретін ақшаны қайдан аларын білмей отыр.

Көпбалалы отбасыларға "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында тұрғын үй салу қарастырылған.

Бүгінде мұндай отбасыларға жылына 700 пәтер салынса, енді оның көлемін үш есеге ұлғайту жоспарланған.

Осы мәселеге қатысты нақты шешім екі аптадан соң қабылданбақ.

Дереккөз: КТК арнасы

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйтімова: Құрылыс компаниялары өздері салып жатқан үйден көпбалалы аналарға пәтер берсін