RU
Ақтөбеде кей мектептерге 2016 жылдан бері директор болуға лайық адам табылмаған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде кей мектептерге 2016 жылдан бері директор болуға лайық адам табылмаған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі білім саласын бақылау департаментінің басшысы өңірдегі шикіліктерді жайып салды. Әсіресе, мектеп басшыларына қатысты шу көп. Өңірде бірнеше жылдан бері директорсыз отырған білім ордалары бар. Сорақысы, талап бойынша арнайы санат алмаған адамдар жоғары санатты мұғалімдерге директор олып отыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Білім бөлімі басшыларының жиі ауысатындағынан проблемаларды анықтау, шешу жұмыстары жеткіліксіз. Облыс бойынша 70-ке жуық мектепте бос орын тұр. Бірнеше жылдан бері кейбір мектептерде директор тағайындалмаған. Ойыл ауданы Қарасу негізгі мектебінде 2016 жылдың қыркүйек айынан бастап директор жоқ.

Әйтекеби ауданы Сұлукөл ауылында 2017 жылдың желтоқсан айынан бастап директор жоқ. Әйтеке би ауданында 10 мектепте директор жоқ. Хромтау ауданында 7 мектеп, Мұғалжар ауданында 6 мектеп, Шалқарда 5 мектеп, Ырғызда 5 мектеп басшысыз отыр.

Қазіргі уақытта 13 директор 20 жылдан жоғары бір мектепте басшылық жасап келеді", - деді облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Бұлбұл Бисенбайызы.

Бұл мәселені аудан әкімінің орынбасарлары ұстаздар арасынан директор болуға лайық адам таба алмай отырмыз деп түсіндірді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Өңір мектептерінде орта біліммен сабақ беретін ұстаздар, тіпті, педагогикалық білімі жоқ мұғалімдер жүргені белгілі болды.

"Әйтеке би ауданында бір директор санатсыз жұмыс істеп отыр. Ал тәртіп бойынша директорда бірінші санат болу керек. Санаты жоқ адам жоғары санатты мұғалімдерді қалай басқарады?! Сонымен қатар, облыс мектептерінде барлығы 24 мұғалім педагогикалық білімсіз қызмет атқарып жүр.
Орта біліммен жұмыс істейтін мұғалімдердің бар екені анықталды. Бұл өрескел заң бұзушылық. Қазір педагогтарды дайындайтын орталықтар да көбейіп кетті. Мамандығы экономист жеке кәсіпкерлер қасына бір адам алып, педагогтарды оқытамыз деп отыр. Әрине, мұғалімдер қай жер арзан соны таңдайды. Шыны керек, курс көп, қай жерге барып оқырын білмей мұғалімдердің өзі шатасып жүр", - дейді басшы.
Сіздің реакцияңыз
4
0
1
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel