RU
Түркістан полицейлеріне 422 мың теңге тұратын массаж кресло не үшін қажет болды?
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан полицейлеріне 422 мың теңге тұратын массаж кресло не үшін қажет болды?

Рассказать Вконтакте

Түркістан полицейлері 422 мың тұратын массаж креслосын не мақсатта алғанын облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Қаракөзова түсіндірді деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Түркістан полицейлері 422 мың теңгенің массаж креслосын не мақсатта алғаны белгілі болды

Фото:Шымкент ПД, Alibaba.com

2018 жылы Түркістанның 500 полицейіне психологиялық көмек қажет болған.

"Полиция қызметкерлерінің жұмысы өте қиын. Оларға психологиялық көмек беру мақсатында жан-жақты жағдай жасалынып жатыр. Психологтар штаты енгізілді. Психолог кабинеттері арнайы жабдықталуы тиіс. Оның ішінде біраз нәрсе көрсетілген, сонымен қатар массаждық кресло да бар", - деді Салтанат Қаракөзова.

Түркістанда 422 мың теңгеге осындай креслоның сатып алынғанын "Талап" қолданбалы зерттеулер институтының директоры Рақым Ошақбаев мәлімдеген.

Оның сөзінше, мемлекеттік сатып алу кезіндегі тым жоғары бағалар тендерлік жүйенің негізгі мәселелерінің бірі.

Келісімшарт құнының жоғары көрсетілуі, жеткізілген тауарлар мен қызметтің сұранысқа сай болмауы да мемлекеттік сатып алудың көлеңкелі тұсының көптігін көрсетеді.

Маман өткен жылы өткізілген конкурстардың 72 пайызында бәсекелестік мүлде болмағанын жеткізді. 

"Тағы бір мысал - мемлекеттік мекеменің бірі былтыр 29 млн теңгеге тапсырыс жасап, тендер ойнатқан. Сосын ондаған қосымша келісімдер қосып, соманы бес миллиардқа жеткізген. Ал тауар көлемі өзгеріссіз қалған. Бұл факті туралы құзырлы органдарға хабарладық", - деді Рақым Ошақбаев.

А.Сейфулла.

Сіздің реакцияңыз
9
1
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel