RU
Ресейде 9-шы қабаттан құлаған ана мен бала ғажайыптың күшімен тірі қалды
Жаңалықтар Әлемде

Ресейде 9-шы қабаттан құлаған ана мен бала ғажайыптың күшімен тірі қалды

Рассказать Вконтакте

Мәскеу облысы Люберцы қаласында тоғызыншы қабаттан құлаған ана мен бала тірі қалған деп хабарлайды TACC агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Дмитрий АХМАДУЛЛИН

Көрнекі фото: Дмитрий АХМАДУЛЛИН

Мәскеу облысының ішкі істер басқармасының айтуынша, жоғарғы қабаттан құлаған ана мен бала ауруханаға түскен.

"Оқыс оқиға бейсенбі күні түстен кейін орын алған. Екеуі де ауруханаға жатқызылды. Бұл жағдайға қатысты тексеріс басталды", - деп хабарлады полиция.

Құзырлы органдар "әйелдің психикалық ауытқуы болуы мүмкін" екенін жеткізген.

"Ана өзін де, баласын да өлтірмек ойы болмаған. Оның сөзінше, құлайтынның алдында "жын-шайтаннан" қашыпты", - дейді құзырлы орган өкілдері.

Сіздің реакцияңыз
3
5
0
1
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel