Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда кондуктор 13 жастағы қыздың оқушы екеніне сенбей, автобустан түсіріп кеткен

Опубликовано:

Орал қаласының №4 автобусының кондукторы 13 жастағы Вероника Коловертнованың оқушы екеніне сенбей, ересек адамның жолақысын талап еткен. Қыз баланың қосымша ақшасы болмағандықтан, оқушыны далаға түсіріп кеткен. Бұл туралы "Уральская неделя" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Оралда оқушы екеніне сенбеген автобус кондукторы 13 жастағы қыз баланы көліктен шығарып жіберген
Фото: Видеодан скриншот: Twitter

Сегізінші сынып оқушысы Вероника Коловертникова кешкі жеті шамаларында №2 емханадан анықтамасын алып, үйіне қайтып келе жатқан.

"Автовокзал" аялдамасында автобусқа отырдым. Жолақысын алдын-ала төлеп қоймақ болып, кондукторға бардым. Ол менен жасымды сұрады. 13-те екенімді айтқанымда, ол маған сенбеді. Анықтаманы көрсетейін деп едім, оның құжат есебіне жүрмейтінін айтты. "Өзің шығасың ба, әлде көмектесейін бе?", - деп сұрады", - дейді көзіне жас алған оқушы қыз.

Вероника Коловертнованы кондуктор екі аялдама жетпей түсіріп кеткен. Үйіне жету үшін оған 40 минут қажет болыпты.

"Үйге жаяу бардым. Көпірдің астынан өтуге тура келді. Қорықтым", - дейді ол.

Қыз баланың анасының сөзінше, ол үйге жеткенше тоңып қалған. Жылағаннан беті қызарып кетіпті.

"Оны қайдан іздерімді білмей уайымдап кеттім. Енді алдынан шығамын немесе полиция барамын деп отырғанмын. Телефон соқсам, телефоны өшірулі", - дейді Верониканың анасы Любовь Толстова.

Осы оқиғадан кейін Любовь Толстова автопаркқа хабарласпақшы болған, алайда ондағылар тұтқаны көтермейді екен. Амалдың жоқтығынан әйел адам әкімшілікке барыпты. Онда арызын қабылдамапты, бірақ өздеріне түртіп алып, мән-жайды анықтайтындарын жеткізген.

"Батыс Қазақстан автопаркы" ЖШС басшысының орынбасары Данияр Мұхтаров оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Бізге ешқандай шағым түскен жоқ. Бұл жағдай туралы ештеңе білмеймін. Телефондардың бәрі жұмыс істеп тұр. Маған хабарлассын. Не болғанын анықтаймыз. Егер аталмыш факті расталса, жүргізуші түсініктеме жазатын болады", - деді Данияр Мұхтаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777502-oralda-konduktor-13-zastagy-kyzdy-okusy-ekenine-senbej-avtobustan-tsirip-ketken/

pixel