RU
Шымкентте жалдамалы пәтерін босатуға мәжбүр үшемнің анасы көз жасын тыя алмады
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте жалдамалы пәтерін босатуға мәжбүр үшемнің анасы көз жасын тыя алмады

Рассказать Вконтакте

Шымкентте көпбалалы ана екі айлық үшемдерімен далада қалды. Фозила Досметова жалдаған пәтері санитарлық талапқа сай болмағандықтан аурухананы паналауға мәжбүр. Ал оның қалған балалары өз күндерін өздері көруде деп хабарлайды "Отырар" сайты.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Фозиланың үшемдері қазір дәрігерлердің қарауында. Олардың жағдайы жақсы.

"Пәтерден-пәтерге көшіп жүрмін. Балаларым үшін дәретхана да жудым, ыдыс та жудым – барлығын істедім. Енді қазір жұмыс істей алмаймын ғой. Балаларыма обал.
Елден көмек сұраймын, баспанам болса, алты баламның басын біріктірсем деймін.Үлкен үш баламның екеуі жалдап жатқан уақытша үйде, бір қызымды қайтыс болған күйеуімнің анасының үйіне уақытша апарып тастадым", - дейді Фозила.

Ал келіншектің қалған балаларының ішерге асы да, киерге киімі де жоқ болып отыр. Олар Сайрам ауданында орналасқан мектепке де әрең жетеді екен. Тіпті, бірінші сабаққа үлгермейтін де көрінеді.

"Осы қаладағы мектепке ауысайын десек, бізді тұрақты тіркеулерің жоқ деп алмай жатыр. Қатты қиналып кеттік, інім екеуімізге күн сайын 1000 теңгедей кетеді, оны анамыздың құрбысы беріп тұр әзірге. Биыл мектеп бітіремін, тестілеуге дайындалуым керек, бірақ менде қазір ешқандай мүмкіндік жоқ, болашағыма сенбеймін", - дейді Фозиланың қызы.

Балаларға барынша көмектесіп жүрген Фозиланың құрбысы Ұлбосын Абдуалиеваның сөзінше, Астанадағы оқиғадан соң жалдамалы пәтер иесі жылытқыш қосуға да рұқсат бермепті. Сорақысы, ол пәтерақы төлемегендіктен екі күн ішінде үйді босат деп отыр екен.

Ал бұл жағдайды естіген қоғам белсендісі Нұрбол Нұрханов бірден тиісті әрекеттерге көшкен.

"Қазір Фозиланың мемлекет тарапынан берілетін көмекке қол жеткізуі үшін тиісті құжаттарды дайындап жатырмыз, бірақ оның барлығы уақытты талап етеді", - дейді ол.

Тығырыққа тірелген бұл жанұяға Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қызметкерлері де қол ұшын бермек.

Егер сізді бұл отбасының жағдайы алаңдатса, көмектесуге мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін 8778 435 19 57 нөміріне хабарласа аласыз. Жақында жанұяға тікелей ақша аударуға мүмкіндік беретін шот ашылмақ.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
5
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel