Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшы: Головкин "Канелодан" жеңіліп қалғанын мойындады

Опубликовано:

Boxingnews24.com журналисті Арагон Гарсия қазақстандық спортшы Геннадий Головкин қарымта кездесуде мексикалық боксшы Сауль Альварестен жеңілгенін мойындады деп санайды. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Генадий Головкин, фото: sports.kz
Генадий Головкин, фото: sports.kz: Facebook
"Генадий Головкин қарымта кездесуде "Канелоның" басымдылығына қарсы тұрды. Мексикалық боксшы оған шабуылдап, қалай жұдырықтасу керектігін үйретті.

Бұл жеңілістен соң Головкин үнсіз қалып, ештеңе айтқан жоқ.

Негізінен жеңгенін білген спортшылар бұқаралық ақпарат құралдарына шағымданады. Ал жеңілгенін сезгендер үндемей, көзге көрінбей кетеді.

Головкиннің ұтылғаннан кейінгі үнсіздігін былай түсіндіруге болады: ол жеңілгенін, әрі көп соққының астында қалғанын мойындайды", - деді спорт сарапшысы.

Еске сала кетсек, Генадий Головкин мен Сауль Альварестің екінші жекпе-жегі өткен жылы қырқүйек айында өткен болатын.

Қарымта кездесуде қазақстандық боксшы төрешілердің ұпай санымен жеңілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1777525-sarapsy-golovkin-kanelodan-zeilip-kalganyn-mojyndady/

pixel