Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте тал түсте қызды "ұрған" жігітті жұрт түсінбей қалды (видео)

Опубликовано:

Шымкент көшелерінде қызға қол көтерсе, не болады? Қала тұрғындары мән берместен өтіп кете ме, әлде нәзік жандыны қорғап, жастардың арасына түсе ме? Осы сұраққа жауап табу үшін Otyrar.kz журналистері әлеуметтік тәжірибе жасап көрді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Otyrar.kz
Фото: Видеодан кадр/ Otyrar.kz: Instagram

Қаланың қақ ортасында қыз бен жігіттің жанжалын ойнап, рөлге кірген тілшілер жұрттың әрекетін байқап көргісі келген.

Алайда, тапа-тал түсте соққы астына түскен қызды қорғауға ұмтылған шымкенттіктердің қарасын көп деп айтуға келмейді.

Жігіттің әрекетіне "қой" деп айтқан қыз-келіншектер ер-азаматтарға қарағанда әлдеқайда көп болған. Тіпті, олардың біреуі "Ұрсаң, үйіңде ұр. Көшеде ұят емес пе?" деп жекіп тастапты.

Видеодан байқағандай, шымкенттік жігіттердің біршамасы бұл жанжалға мән берместен өтіп кеткен. Тек ішінара тоқтағандар ашуға булыққан азаматқа басу айтыпты.

Олар барлығы дұрыс па деп сұрап, жігітке қызға қол көтермеу керегін айтқан. Кейбірі, тіпті, нәзік жандыны ұрған азаматпен жеке сөйлескісі де келген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777529-symkentte-tal-tste-kyzdy-rgan-zigitti-zrt-tsinbej-kaldy-video/

pixel