RU
Түсіңізде толқын көру нені білдіреді?
Жаңалықтар Калейдоскоп

Түсіңізде толқын көру нені білдіреді?

Рассказать Вконтакте

Түсіңізде көрген толқынды әртүрлі жоруға болады. Кейде ол адам өмірінде болатын өзгерістер жайында ескертсе, кейде қазіргі жағдайын сипаттайды. "Дом магии" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ түсіңізде толқын көргенде қалай жору керегін назарларыңызға ұсынады.

Түсіңізде толқын көру нені білдіреді?

Фото: ladyelena.ru

Толқын туралы түсті жорымас бұрын алдынмен оны бүге-шүгесіне дейін еске түсіру керек. Себебі түс жоруда толқынның көлемі, судың түсі, оны көрген кездегі ішкі сезіміңіз сияқты жайттар ерекше мағына білдіруі мүмкін.

Егер түсіңізде алып толқындар көрсеңіз, шынайы өмірде сізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын білдіреді. Қандай өзгеріс екенін толқынның түсінен білуге болады.

Су мөлдір болса, бұл оң өзгерістер, лай болса, қиындықтарға дайындалу керек деген сөз. Сол сәтте толқыннан қорқып тұрған болсаңыз, бұл сезіміңізді бақылауда ұстау керек екенін ескертеді.

Ал алып толқындарды көріп, тамсанып тұрсаңыз, онда барлық қиындықтарды жеңіп, мақсатыңызға жетесіз.

Егер алып толқындар теңіз түбінен көтеріліп, суды лайлап жатса, онда бұл алдағы уақытта үлкен қателік жасайтыныңыз жайында ескерткені болып табылады. Алып мөлдір толқындар маңызды шешім қабылдайтын сәт келгенін білдіреді.

Толқындар ақырын ғана жағалауға соғылып жатса, онда сізді алда ұзақ сапар күтіп тұр. Ал сондай толқындар айлақтың үстінен асып, соғылып жатса, онда өмірлік серігіңізді кездестіресіз деген сөз.

Кішкене толқындар аяғыңызға келіп соғылып жатса, өміріңізге оң өзгерістер енгізудің сәті келді деген мағынаны білдіреді. Ал толқынды көрмей, тек оның шуын естісеңіз, онда дұшпандарыңыз сіз туралы өсек таратып жүр.

Түсіңізде цунами көрсеңіз, өміріңізде түбегейлі өзгерістер орын алады. Сүйіктіңізбен айырылысуыңыз мүмкін.

Егер толқын келіп, сізді басып қалса, бұл жаманшылықтың нышаны. Сіз ауруға шалдығасыз немесе өмірлік қиындықтар басталады.

Алыстан толқындардың жағаға соғылып жатқанын бақылап тұрсаңыз, жұбыңызбен ара-қатынасыңыз көп ұзамай нашарлайтынын білдіреді. Сонымен қатар денсаулығыңызға көңіл бөлу керек деген сөз.

Түсіңізде мөлдір толқын келіп үйіңізді басып қалса, отбасылық өміріңізде береке мен шаттық орнайтынын хабарлайды.

Толқынды бағындырсаңыз, онда тағдыр сізге көптеген тосынсый жасайды.

Толқындар жартастарға соғылып жатса, мақсатыңызға жетуде көптеген тосқауылдар кездеседі.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel