RU
Ақбота Сейтмағамбет өнер адамымен бас қосқысы келмегенін мойындады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ақбота Сейтмағамбет өнер адамымен бас қосқысы келмегенін мойындады

Рассказать Вконтакте

Дәурен Айдарқұловтың екінші әйелі атанған Ақбота Сейтмағамбет ешқашан өнер адамына тұрмысқа шыққысы келмегенін айтты деп жазады "НТК" арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұрынғы продюсерін туған күніне барған актриса ағынан жарылды.

"Негізі кішкентай кезімде "өнер адамына тұрмысқа шықпаймын" дегенмін. Бірақ Алла Тағаланың қалауымен жолдасым өнер адамы болды. Бір жағынан өнер адамы болғаны да дұрыс болыпты.
Өзіңді қолдайды. Сені түсініп, қызғанбайды. Артық әңгіме айтпайды. Түсірілім алаңына кетіп бара жатқан кезде, "кеттім" деймін. Ал өнер адамы болмаса, қызғаныштан ұрыс-керіс болуы мүмкін ғой", - дейді Ақбота Сейтмағамбет.

Айта кетейік, Ақбота мен Дәуреннің арасындағы махаббат хикаясы "Гламур для дур" фильмінің түсірілімінде басталған. Бұл уақытта Айдарқұлов бірінші отбасынан ажыраспаған болатын.

Алайда Дәурен мен Ақбота араларындағы сезімді жоққа шығарды. Кейін әншінің жүкті болып, ұл туғаны белгілі болды.

Ал өткен жылы жұлдызды жұп заңды түрде некеге отырды. Бүгінде олардың бір ұл, бір қызы бар.

Сіздің реакцияңыз
6
1
3
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel