RU
Түркістан облысында мал базардан темір тордағы аю табылды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Түркістан облысында мал базардан темір тордағы аю табылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ елді мекеніндегі мал базары аумағынан темір тордағы аю табылған. Бұл туралы полиция баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Ernur.kz

Фото: Ernur.kz

Келіп түскен хабарлама бойынша, Сайрам аудандық полиция басқармасының табиғатты қорғау полициясы, Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы және "Охотзоопром "ӨБ" РМҚК инспекторларымен бірлесіп тексеруі барысында мал базарында көлемі 2-3 метр металл тордың ішіндегі ашық-қоңыр түсті жабайы аю табылған.

"Аталған факті Түркістан облысы полиция департаментінің Сайрам аудандық полиция басқармасы СДТБТ-ға Қылмыстық кодекстің 339-бабы "Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлардың түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша қылмыстық іс ретінде тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Бүгінгі күні аю Шымкент қаласының хайуанаттар бағында.

Сіздің реакцияңыз
2
3
0
2
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel